Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АН-2 ұшағының апаты туралы алғашқы ақпарат Қызылордаға жеткен

АН-2 ұшағының апаты туралы алғашқы ақпарат Қызылордаға жеткенАН-2 ұшағының апатқа ұшырағандағы туралы алғашқы қоңырау Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен.
Ондағы аман қалған жалғыз жолаушы Әсем Шаяхметованың ұялы телефонан шалған қоңырауы кездейсоқ осы өңірге түсіпті. Сағат 15.40 шамасында соғылған қоңырауды жедел кезекшінің міндетін атқарушы Евгений Ким қабылдаған.
Оның айтуынша, ауыр жағдайда жатқан әйел алғашында мән-жайды анық түсіндіре алмаған. Шошынып қалған ол тек көмекке шақырумен болыпты.
"Ұшақ құлады деді, қай жердесіз деп едім, білмеймін деді ол, екі аяғым сынып қалды деді. Бірінші сөздері сол болды. Содан кейін өзім нұсқаулық бойынша жұмыс істедім", - дейді  Қызылорда облыстық ТЖД жедел кезекшінің міндетін атқарушы Евгений Ким.
Осыдан соң қызылордалық мамандар құзырлы орындар мен жамбылдық әріптестеріне хабар берген.
Күніне 900-дей шақырту қабылдайтын бұл бөлімге мұндай кездейсоқ қоңыраулар жиі түседі екен. Ал олардың дауыстары арнайы бағдарламаның көмегімен базада сақталып қалатын көрінеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: