Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Су айдындарында қауіпсіздік сақтау мәселесі талқыланды

Су айдындарында қауіпсіздік сақтау мәселесі талқыландыҚыс кезеңінде су айдындарында қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайдың алдын алу және ұшырағандарға жедел көмек көрсету мәселесі бойынша бірлескен рейдтер ұйымдастырылды. 
Оған жергілікті атқарушы органдары, ТЖД қызметкерлері, ішкі істер департаменті, ішкі саясат басқармасы, орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы мекемелері және бұқаралық ақпарат құралдарын қатысты. Қызылорда облысының Сырдария өзеніне, су айдындарына жақын орналасқан саяжай және елді мекендерде, ауылдық әкімдерге, балықшылар бригадалар арасында, орта мектептер мен оқу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Мұз үстімен жаяу жүруге және автокөлік арқылы өтуі ықтимал жерлер бақылауға алынып, тақтайша белгілері орнатылды. Жергілікті тұрғындарға ескерту жасалып, үн-парақтары таратылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: