Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласында жұмыссыздық деңгейі – 0,7 пайыз

Қызылорда қаласында жұмыссыздық деңгейі – 0,7 пайызҚызылорда қаласында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Нұр Отан» партиясы және Облыстық кәсіпкерлік палатасы, Жеке жұмыспен қамту агенттігі, «Жастарды қолдау орталығы» бірлесіп арнайы жоспарға сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды. 
Биылғы жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жқмыссыз ретінде хабарласқан азаматтардың саны – 2750 болса, солардың ішінде жұмыспен қамтылғандары 152 адам.
2015 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі- 0,7 пайызды құрады.  Жұмыссыздардың ішінде 14,3 % - жоғары білімді, 35,0 % - арнаулы орта білімді, 50,7 % - орта білімді. Хабарласқандардың ішінде жұмысшы мамандығы - 55,0 %,   қызметкерлер - 19,0 %, бұрын жұмыс істемегендер саны - 26,0 % құрайды.
Осы мақсатта жұмысқа тартудың ең тиімді түрлерінің бірі ол, қалада ай сайын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу болып отыр. Онда  жұмыссыздар жұмыс берушілермен тікелей кездесуге толық мүмкіндік алады. Аталған іс-шараларға қаладағы мекемелер қатысып, жұмыссыздар жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар қайта даярлау курстарына, қоғамдық жұмыстарға  және жастар тәжірибесіне жолданып кеңес алады.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қаладағы 42 мекемеден алдын ала 123 бос орындарға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: бактериолог, инфекционист, дәрігер, конферансье, есепші,  мемлекеттік сатып алу маманы, инженер-құрылысшы, инженер КИПиА, АЗС операторы, инженер-технолог, инженер-жобалаушы, инженер-сметашы, заңгер, бағдарламашы, лаборант, мұғалім, механик сонымен қатар тас қалаушы, бұрғылаушы көмекшісі, автослесарь, жүйе электригі, электргазбен дәнекерлеуші, көлік жүргізушісі, аспазшы, тігіншілер, массажист, хореограф, сатушы және жұмысшылар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: