Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлік палатада дағдарысқа қарсы штаб құрылды

Кәсіпкерлік палатада дағдарысқа қарсы штаб құрылдыҰКП-да экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға жауап қату жөніндегі Жедел штаб құрылды. Оның құрамына Басқарма мүшелері мен Палатаның жауапты қызметкерлері енді.
Жедел штабтың міндеті ағымдағы экономикалық ахуалда туындаған түйткіл туралы бизнес дабылына жауап қату, Үкімет пен уәкілетті органдарға жедел ақпарат беру, бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын дайындау болып табылады.
Жедел штаб өз қызметін, сонымен қатар, РФ-мен сауда шектеулері, сатып алулар мен жергілікті мазмұнның қол жетімділігі, теңгемен берілетін кредиттердің қол жетімділігі сияқты мәселелер бойынша жүргізеді.
Бизнес жүргізуде экономикадағы дағдарыстық құбылыстармен шартталған қиыншылыққа ұшыраған барлық кәсіпкерлер Палатаның Call-орталығына республика бойынша мынадай бірыңғай нөмірге жүгіне алады: 59-79-60, Алматы қаласы үшін: 259-79-60, e-mail: cc@palata.kz немесе өз өтініштеріңізді www.palata.kz. сайтына жолдаңыздар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: