Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Еліміздің көптеген облыстарында боран болады

Еліміздің көптеген облыстарында боран болады"Қазгидромет" 2015  жылғы 17-19 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады.  
Қазақстан аумағы бойынша жылжитын суық атмосфералық фронттармен көптеген облыстарда қар, боран, солтүстікке ауысатын батыстан соққан жел, кей жерлерде 15-25 м/с болады деп күтілуде. Фронттардың артынан суық антициклон таралатын болады. Онымен аяз оралады, түнгі уақытта республиканың барлық аумағында температураның 20-27 дейін, кей жерлерде 30-35º аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс оңтүстік циклон әсерінің аумағында болады, мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады, 18-19 ақпанда түнгі температура 7-12 дейін, кей жерлерде 15-20º аязға дейін төмендейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: