Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда мүгедек балалар жалпы мектептерде оқи алады

Қазақстанда мүгедек балалар жалпы мектептерде оқи аладыҚазақстанда әзірленген білім берудің жаңа стандарттары мүгедек балаларға жалпы мектептерде білім алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Білім берудің жаңа стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеуде инклюзивті білім беру бағдарламаларын да қоса қамтуды қарастырып отырмыз. Қазақстанда инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық әдістері, мұндай міндет 2014 жылы қойылып, біз оны жасап шықтық. Жаңа бағдарлама мүмкіндігі шектеулі балаларды сау балалармен бір деңгейде барлық мектептерде оқытуға мүмкіндік береді. Қазірде біз осы талаптарға мектептерімізді инфрақұрылымдық тұрғыда сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуді қолға алмақпыз», - деп хабарлады Аслан Сәрінжіпов. 
А.Сәрінжіповтің айтуынша, 2016 жылдан бастап барлық мектептерде 12 жылдық білім беруді қарастыратын жаңартылған бағдарлама жұмыс істейтін болады. 
 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: