Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда синхронды дыбыстық сигналды бағдаршамдар орнатылған

Қазалыда синхронды дыбыстық сигналды бағдаршамдар орнатылғанӨткен жылы қаралған 3 395,0 мың теңге қаржыға кенттегі және елді-мекендердегі білім беру нысандарының жандарына жол кедергілері, арнайы жол белгілері және жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілген. Бұл жөнінде аудан әкімдігіндегі алқа мәжілісінде Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Оразалы мәлім етті.
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кенттегі орталық базар тұсына және Әйтеке би көшесімен Счастнов көшелерінің киылысына мүгедектерге арналған синхронды дыбыстық сигналды бағдаршамдар орнатылған.Үстіміздегі жылы да атқарылатын жұмыстар легіне тоқталған бөлім басшысы  «Бозкөл-Тасарық», «Қожабақы-Аранды» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетіндігін баяндады. Сондай-ақ,  «Самара-Шымкент- Ақсуат», «Абай ауылына кіре беріс» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу,  «Әйтеке би-Қазалы», «Қожабақы-Бекарыстан би», «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Өткен жылы бөлімге 169 арыз-шағым келіп түсіп, оның 82-іқанағаттандырылса, 58-не түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ал 29-ы бақылауға алынған. Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Бақытұлы өткен жылы ауданда 17 нысанның құрылысы жүргізілгендігін баяндады. Оның ішіндеспорт саласы бойынша 1 спорт кешені, тұрғын үй саласы бойынша 12 арендалық тұрғын үй және арендалық үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы, үш қабатты 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, ауыз су нысандары бойынша «Байқожа» локалды су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары және 1 ауылдан мал қорымының құрылысы салынған. 
Ал үстіміздегі жылы Әйтеке би кенті Жаңқожа батыр 3 км учаскесінен  5 арендалық тұрғын үй мен Т.Айбергенов көшесі №5 учаскесінен 3 қабатты 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында сумен жабдықтау жүйелерінің құрлысын салу және кеңейту жұмыстары жүргізілмек. Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: