Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №1031-ө өкімімен Базартай Жандос Нұртайұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жандос Нұртайұлы 1987 жылдың 16 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих пәнінің мұғалімі», 2009-2011 жылдары аталған университеттің «Тарих мамандығы бойынша педагогика, ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2014 жылдан осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: