Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өттіЖаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне сұраныс берген 16 мекеменің кадр бөлімінің мамандары мен басшылары,Аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс берген 8 мекемеден жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының төрағалары және жұмыс іздеуші 220 адам қатысты.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Жәнібеков «Бизнестің жол картасы» «Жұмыспен қамту 2020»және басқада салалық бағдарламалардың іске асырылып жатқандығын және бұл шаралар әрі қарай жалғасын таба беретіндігін айтып ,жұмыс іздеушілерге ақ жол тіледі.
Жәрмеңке барысында бөлім арқылы 46 жұмыс іздеуші әр түрлі мамандықтар бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Атап айтсақ әскери есеп маманы-2, жылу қазандығының операторы,-1 күзетші-1,әдіскер-1, есепші-1, медбике-2, тазалықшы-2, газ құбырын жүргізу бойынша жұмысшы -17 , дәнекерлеуші-1,тәрбиеші-1, жастар ісі жөніндегі маман -1, медбике-6, трактор жүргізуші-1, іс жүргізуші -2, еден жуушы-1, фельдшер- дезинфектор -1, тоқымашы-1, өнер мұғалімі-3, көмекші тәрбиеші-1
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарлама бойынша өткен жәрмеңкеде сұраныс берген 8 мекемеден 12 бос жұмыс орындарына 12 адам жұмысқа орналасты. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: