Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалпы білім беретін мектеп қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Жалпы білім беретін мектеп қызметкерлеріне арналған семинар өттіКызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері» такырыбында облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды. 
Семинар Кызылорда облысы әкімдігі ұсынысымен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасының трасформациясы» тақырыбында өтті. 
Семинарға қатысушылардың қатарында жалпы білім беретін Кызылорда облысы мен Кызылорда қаласының,оның ішінде Зияткерлік мектепке бекітілген пилоттық және базалық мектептердің директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, үйірме жұмыстарының жетекшілері және оқу орталығының әдіскерлері болды және олар 80-ге жуық педагог қызметкерлерді құрады.
Ұйымдастыру кезеңінде мектепке келген ұстаздар қауымы мектептің материалды-техниқалық базасымен, сынып қабинеттерімен, үйірме жұмыстарымен және мектеп жатақханасымен, ұйымдастырылған көрмелермен танысып, мектеп туралы жалпы ақпарат алды.
Семинар жалпы сессия және секция жүмыстары бойынша жүмыс істеді. Семинар барысында ұстаздар қауымы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие жүйесі ерекшеліктерімен, мектепте ынтымақтастық ортаны құрудағы психологиялық қызметінің рөлімен, педагогтар және ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі көкейтесті мәселерімен етене танысып, өздері  де интерактивті түрде тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасты. 
Семинар жұмысын қорытындылау бөлімінде пікіралысу,талқылау жұмыстары жүріп, кері байланыс орнатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: