Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілді

Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілдіБүгін, 28 сәуірде Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. 
«Тағзым» алаңында ұйымдастырылған шараны ауыл әкімі Ә.Мұсаев құттықтау сөзбен ашты. Мұнан кейін отты жылдары Отанға оралмаған отандастар рухына ауыл имамы Құран бағыштап, дұға тіледі. Одан әрі жиылғандар алдында қос бірдей соғыс ардагері Найманбай Құрбанов пен Сейітхан Байдүйсенов майдан даласындағы естеліктерін өрбітіп, жастар қауымын бүгінгідей бейбіт заманның қадірін білуге шақырды. Ұйымдастырушы тарап жеңісті жақындатқан қос қарияға шапан жауып, сый-құрмет көрсеткеннен кейін өнерпаз өрендер патриоттық бағыттағы әндерін арнады. 
Шара соңы ауылдық клуб үйінде «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымының сахналық қойылымы мен концерттік бағдарламасына ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: