Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиелі оқушылары ғылыми жоба байқауынан олжалы қайтты

Шиелі оқушылары ғылыми жоба байқауынан олжалы қайттыХалықаралық экология және инженерия ғылыми академиясының ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми практикалық жобалар байқауына Шиелі ауданындағы №149 «Қызылту» орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Патыма Асанның жетекшілік етуімен 10 сынып оқушылары Жансая Төреханова және Лаура Жайдарқызы қатысып қайтты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шарада Қазақстан және Ресей оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орын дарының студенттерінің арасында Ақтөбе қаласында өткізілді. Қазақстан және Ресей оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында «Қалдықсыз өнімдер» атты жоба авторы 10 сынып оқушысы Жансая Төреханова ІІІ дәрежелі дипломмен, ал «Жақаев CITY» спорт кешені” атты жоба авторы 10 сынып оқушысы Лаура Жанайдарқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің жетекшілері де экология тақырыбында ғылыми жоба қорғап, Патыма Асан ең үздік ғылыми жобаның жетекшісі ретінде Қ.Сәтпаев атындағы орденмен және халықаралық экология және инженерия ғылыми академиясының мүшесі болып қабылданып, төсбелгімен марапатталды. П.Асан №149 «Қызылту» орта мектебінің «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамдық ұйымының жетекшісі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: