Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер жазаланды

Жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер жазаланды Қызылорда қаласында әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция рота инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды. Бұл шара республика көлемінде қолға алынған «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру мақсатында өткізілді. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мәселен, кешкі сағат 19:30-да қала орталығындағы Қазыбек би–Қазантаев көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін «Газель» маркалы қоғамдық автокөлігі тоқтатылды. Газельдің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қозғалысына қатысушыларын сыйлау керектігі жөнінде  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ал, дәл осы күні сағат 20:31-де Қазыбек би–Қазантаев көшелерінің қиылысында «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатылып, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: