» » Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)

Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)2014 жылдың 30 қыркүйек-2 қазан аралығында қала тұрғындарынан  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті  «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне хабар түсті.  Онда қатты жел салдарынан көпқабатты үйлердің шатырының кейбір жерлері конструкцияларынан ажырап, адам өміріне қауіп төндіріп тұрғандығы айтылған. 
Облыстық төтенше жағдалар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына 4 құтқарушы 1 бірлік техника шықты. Төтенше жағдай орнына жеткен соң «ӨСжәнеАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің арнайы автокөліктерінің көмегімен шатырларды төменге түсіріп адам денсаулығына қауіп төндірмейтіндей қауіпсіз жерлерге шығарылды. Құтқарушылардың күшімен барлық төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізілді. 
Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)
Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)
Көп қабатты үйлердің шатыры қауіп төндірді (суреттер)