Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуде

Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуде	Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері аймақтың елді мекендерін аралауда. Сапардың мақсаты - кәсіпкерлердің жағдайымен танысу, өзекті мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру. Сондай-ақ, сапар барысында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізілуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлауынша, палата қызметкерлері Қармақшы ауданында – кондитерлік цехты жаңалауға арналған жобамен (ТОО «Салтанат»), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В» санатындағы жол бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасымен (жеке кәсіпкер «Бертілеуова»), құрылыс құмын өндіру жобасымен («АНК-Дәулет» ЖШС) танысса, Арал ауданында техникалық және ас тұзын өндіруге арналған кәсіпорында («Аралтұз» АҚ), балық өндіру зауытында болып («Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В» санатындағы жол бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасын көрді (жеке кәсіпкер «Жандаулетова»). Ал Қазалы ауданында балық өндіру зауытының жай-күйімен танысып («СПК» Қызылорда балық» ЖШС), мал бордақылау алаңын салу жобасын («Сыр маржаны» ЖШС) көрді. 
Мұндай жұмыстар облыстың өзге де аудандары: Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жалғасты.  
Кәсіпкерлер палатасынан құрылған жұмысшы тобы елді мекендерге сапар барысында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаларды да көрді. Айта кету керек, қазірдің өзінде аталмыш Орталықпен жалпы құны 30 млн.833 мың теңге болатын 6 жоба қаржыландырылып, жұмыс жасауда. 23 жаңа жұмыс орны ашылды.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кәсіпкерлерге Палатамен әр түрлі деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру  барысында кеңестер беріліп, жобаны жүзеге асыру механизмі, қаржы көздерін тарту, бизнес-жобаларды әзірлеу, рұқсат алу құжаттарын алуда көмек көрсету, серіктестерді іздестіру т.б. бойынша тегін қызметтер көрсетілетіндігі туралы мағлұматтар берді.  
Жалпы, Кәсіпкерлер палатасы 20-дан астам қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге тұрақты әрі тегін қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
- бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге қатысты қызметтер;
- кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
- менеджмент жүйелерін енгізу бойынша кеңес беру;
- заң қызметтері;
- ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер;
- мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары;
- маркетинг мәселелері және бизнес-жоспар жасау;
- сот органдарында сүйемелдеу;
- рұқсат ету рәсімдерін алу кезінде;
- жобаларды сүйемелдеуде;
- тауарларды өткізуде ықпал ету т.б.қызмет түрлері бар.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: