Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған жинақ шығады

Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған жинақ шығады«Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған дайын 100 идея» жинағы әзірленуде. Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды және әлеуметтік серіктестікті дамыту бөлімінің басшысы Жанна Сқакова «Қызылорда облысындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен жолдары» тақырыбында өткізілген қоғамдық тыңдау барысында айтты.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық тыңдауда Жанна Сқакова: «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік кәсіпкерлікті тиімді экономикалық сала деп біледі. Осы ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлікке жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Алдағы уақытта жобалар тұжырымдамалары, олардың қаржылық жағы және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен қамтылған «Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған дайын 100 идея» жинағын құрастыру жоспарлануда. Мұнан өзге, әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне қатысты бағдарламалар әзірлеп, үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен елімізде «Қазақстанның Әлеуметтік кәсіпкерлері қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанында «Әлеуметтік инновациялар» қоғамдық қоры жұмыс жасауда. Аталмыш шаралар елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты жүйелі, мақсатты жұмыс жүргізуге (әлеуметтік кәсіпкерлікті насихаттауға арналған бағдарламалар әзірлеу, оны заң жүзінде бекіту т.б.) және белгілі бір нәтижеге жетуге септігін тигізеді деген сенімдеміз», - деді .
Айта кету керек, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың  мүмкіндіктері мен келешегін айқындау мақсатында ұйымдастырылған шараны облыстық Кәсіпкерлер палатасы, «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы өткізді.
Шара барысында өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, ҮЕҰ базасында әлеуметтік кәсіпорындар құру үлгілері талқыланды.

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: