» » Қызылордада екі қолы жоқ мүгедек сағат жөндеп көлік жүргізеді

Қызылордада екі қолы жоқ мүгедек сағат жөндеп көлік жүргізеді

Айдар: Қоғам / Ел ішіндегі ерекше адамдар / Сонғы жаңалықтар
Қызылордада екі қолы жоқ мүгедек сағат жөндеп көлік жүргізедіҚос қолының жоқтығына қарамастан қолсағат жөндеп, жазу жазатын азамат! Қызылордалық Нышан Сексенов қолдары кеміс боп туғандықтан, бар тірлікті аяғымен орындауға үйренген. Қазір жасы 53-тен асқан ол ауыл-аймақты таңқалдырумен келеді. Жігіт ағасы үй шаруасы түгілі, сау адамның қолынан келе бермейтін ұсақ түйегі көп сағатқа дейін өзі жөндейді. Көлігін де ауыл арасында өзі жүргізіп жүр.
Қос қолын аяғымен алмастырған Нышан Сексенов 12 мүшесі сау адамдардың қолынан келе бермейтін дүниені жасай алады. Мүгедектігіне мойымаған жігіт ағасы қолсағаттарды жөндеп, нан тауып отыр.
Нышан Сексенов:
- 3-4 класста оқып жүргенде сағат оңдадым. Бастапқыда тек ермек үшін жасадым.Аяқпен шұқылап, соған қалыптасып кеттім. Арнайы оқу оқыған жоқпын. 
Арнайы оқу оқымаса да, шебер атанған Нышан екі қолы кеміс болып дүниеге келген. Екінші ұлы үлкенінен кем болмасын деген ата-ана кезінде мектепке беріп, сауатын аштырған екен.
Жанай Әзірбекова, Н.Сексеновтің анасы:
– Ең болмаса хат танысын деп мектепке бердім.  10 класс бітірді. Аяғымен жазады, ал айтқан сөзі, ақылы, есі күшті. Содан бері бұның өмірін түсінетін ешкім кездеспейді. Өйткені екі қолы жоқ қой. Бір қолы жоқ болса бірдеңе қылар еді ғой.
Қазіргі таңда жақын маңдағы ауыл-аймақ тұрғындарының барлығы қолсағаты бұзылса, бірден Нышан Сексеновке келеді. Атқарған жұмысы үшін алатын ақысы төмен, ал сапасы жоғары. Тек бұл үшін шеберге біраз тер төгуге тура келеді.
Нышан Сексенов:
-Жинай алмасам  миым тыныққан кезде қайта келіп, соны орнына салуға тырысамын. Әйтеуір, саламын соны. Магнитпен үстінен тартып отырып, титтей инедей ғой.
Жазу жазып, сағат жөндеуден өзге Нышан Сексенов туған-туысты көлігіне отырғызып, той-томалаққа апарады. Икемді башпайларының көмегімен темір тұлпарды оталдырып алып, кете береді. Әрі ол өзін жауапты жүргізушілердің қатарына қосады

КТК телеарнасы