Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілдіМемлекеттік рәміздері күніне орай Қызылордада  суретшілер байқауы, жастардың шеруі, вело, автошерулер, флэш-мобтар өткізілді. 
Мереке Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындаудан басталды. Мұнан соң Ы.Жақаев ескерткіші жанында «Бейнелеу өнері» үйірмесі балаларының қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауы өтті. Жас суретшілер тәуелсіздіктің тұғырлығын айқындайтын суреттер салып, үздік туындылар анықталды. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен қалалық фракция мүшелерінің қолдауымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты жас өнерпаздардың патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Осы мезетте белсенді жастар «Жібек жолы» сауда орнында «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» атты флэш-моб өткізді.
Қызылордалықтар әрбір шарада Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін көрсетті.
Расында қай кезеңде болмасын мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі бола отырып, ұлттық намыс пен отансүйгіштікті қалыптастырушы маңызды құрал рөлін атқарып келеді. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміті мен арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілеріміз.
Сыр өңіріндегі шаралар мұнымен толастамады. Шара кешкілік Қазыбек би мен Әйтеке би көшелерінен Орталық алаңға дейін жүріп өткен «Елдігімнің белгісі» атты жастар шеруіне ұласты. Шеруді ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік басқармасының 2019 әскери бөлімінің оркестрі бастап жүрді. Жалпы, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер, әскери бөлімшелер, жастар ұйымдарының мамандары, барлығы 500-ге жуық адам қатысты. 
Бұған қоса, орталық көшелерде 15 автокөлік пен 50 велошабандоздар қатысқан вело-автошеру өтті. Мұнан соң мерекелік шара Орталық алаңда жалғасып, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шарамен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: