Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Судағы қауіпсіздік ережесін сақтаңыз

Судағы қауіпсіздік ережесін сақтаңыз
Балалар мен ересектерге қайғылы жағдайдан сақ болуы үшін суға түсудің қарапайым  ережелерін сақтау қажет:
- Көптеген адамдар дұрыс жүзе білмегендіктен суға кетіп қалады, яғни алысқа жүзіп, өз-өзіне сенбегендіктен қорқынышқа ұласып, шарасыздық танытады.
 Демалыс техникасын меңгергенде ғана жүзу кезінде шаршамай, демалуға да мүмкіндік аласыз. Сонан кейін өзіңізге келген кезде жағаға дейін шаршамай жүзіп бара аласыз.
Еркіңізді жоғалтқан сәтте арқамен жүзу тиімдірек. Горизонтальді денеде шаршаған қолды басыңызға қойып, аяқты жан-жаққа жіберіп, жеңіл қимылдауға, бүгуге болады. Егер бұл да жеткіліксіз болса, аяқты төмен жіберіп, қолдың буындарын иіп, қолдың ұшын судың бетіне қарай апарғанда, аяқ бірден жүзуге икемделе бастайды. Жәй ғана суда арқаңмен жүзу көп күшті талап етпейді;
- тамақтанғаннан соң 1,5-2 сағаттан кейін барып суға  түсуге болады;
- ашық су айдындарында +15 °С градустан төмен температурада суға түсуге болмайды, суық судан есіңізді жоғалтуыңыз мүмкін.  Ағза бірден жылымай, суық суға үйренбей қалуы, төзбеуі мүмкін. 
- таныс емес орындарға бармаған дұрыс, су түбінде бөрене, тас, тырбиған ағаш болуы мүмкін;
- қайықтан, катерден, жағадағы кеме аялдайтын орыннан және басқа да құрылғылардан суға қарай секіруге болмайды;
- суға түсу үшін суға түсуге арналған орынды таңдаңыз;
- жағадан қашықта, қалқымада, суға түсуге  қауіпті деген орында жүзбеңіз;
- моторлы, желкенді кемеге, қайыққа, баржаға жақын жүзбеңіз. Олардың жақындаған сәтінде су көлемі белгілі бір мөлшерде ұлғайып, қасыңыздан өткенде  су көлемі азайып, жағадағының бәрін жуып кетеді. Теплоход немесе баржалар қасында жүзіп бара жатқан адамдарды батырып кеткен оқиғалары орын алған;
- батпақты жерде суға түспеңіз, балдырлар мен шылауларға оралып қалуыңыз мүмкін;
Егер жағдай солай болып қалса, онда, өзіңізді сабырлылыққа шақырыңыз. Балдырлардан сол кезде ғана оңай құтылатын боласыз. «Мені балдырлар басып қалады» деген ойдан аулақ болыңыз. Балдырлар бар жерде суға жүзу оңай болмайды, тоқтап-тоқтап жүзуге тура келеді;
- дене тоңып қалған кезде немесе күн сәулесін қабылдағаннан кейін бірден суға түсуге болмайды;
- күн сәулесі ваннасын қабылдағаннан кейін, жүгіргеннен кейін, суық суға үйренбестен бұрын суға секіруге болмайды;
- мас күйінде суға түсуге болмайды;
- үрлемелі төсеніштерде /матрацтарда/, автокөлік камераларында, үрлемелі ойыншықтарда суға түсуге болмайды, жыртылып кетіп, суға кетіп қалуыңыз мүмкін. Оған қоса әлсіз желдің өзі оларды жағадан алысқа әкетіп қалуы мүмкін;
- дауылды күні суға түсуге болмайды;
- егер сіз қатты ағысты суға кезіксеңіз, онда ағысқа қарсы жүзбеңіз, оған күшіңіз жетпейді, мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай етіп, ағыспен бірге жүзу керек;
- егер су иірімдеріне тап болсаңыз, қорықпаңыз, кең тыныстап, одан қашық кетуге тырысыңыз;
- күтпеген жерден әлде кімді суға итеруден сақ болыңыз, бұл еркелігіңіз суық суға сезімтал адамдарды есеңгіретіп жіберуі мүмкін, ақыр аяғы өлімге дейін апарып соғуы да мүмкін;
- суда ойнауға болмайды, суға достарыңның басын батыруға немесе аяқтан шалуға болмайды. Егер сіз су астында оның аяғына қарай жүзіп, шошытып қалсаңыз, ол суға құлап түседі де суға тұншығып, шашалып қалуы мүмкін;
- жалған дабылға шыңғырудың қажеті жоқ;
- егер сіздің дене температураңыз жоғары немесе төмен болса, онда суға түсудің қажеті жоқ.  Бұндай жағдайда суға түсу өте қауіпті;
- егер сіздің бұлшық етіңіз тартылып қалса, онда арқамен жатып, жағаға қарай жүзіңіз, бұлшық етті ысқылаңыз. Бұл кезде «ағылшын» түйреушінің болғаны жақсы. Тіпті бір рет қана оны шаншу өміріңді құтқарып қалуы мүмкін.
 Жүзуден шаршадыңыз ба? Онда демалыңыз, суға жүзуден рекорд жасамай-ақ қойыңыз. Шамадан тыс шаршау аяқ-қолыңыздың тартылып қалуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдай тек қана суық суда ғана болмайды. Егер осындай жағдай туындаса, онда басыңызды суға қарай еңкейтіп, тартылған аяғыңызды тіктеп, күштеп үлкен башпайыңызды өзіңізге қарай тартыңыз. Аяқтың тартылғаны кетеді;
- бетонды плиталар төселген, тастарға толы каналға суға олар тайғақ келеді Ондай каналдан шығу да қиындау. Тіпті, шебер жүзушінің өзі өмірін қауіпке тігуі мүмкін;
- суда тазалық сақтаңыз, су айдындарын ластамаңыз, жағаға немесе киім шешетін орынға қоқыс тастамаңыз.

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: