Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аймақ басшысы үздік оқушылармен кездесті

Аймақ басшысы үздік оқушылармен кездестіОблыс әкімі Қ.Көшербаев Президенттік, Халықаралық, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлерімен кездесті.
Аймақ басшысы айтпақшы бұл оқушылар еліміздің асыл арманы мен үкілі үміттері. Расында кездесуге келген 93 оқушы өз қатарластарының алды болып, білім бәсекелерінде топ жарып жүрген өрендер.
Биылғы жылы облысымыздың дарынды оқушылары Қазақстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып 46-сы жүлделі орындарды иеленді. Соның үшеуі алтын, 8-і күміс, қалғаны қола жүлде.
Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына, Президенттік олимпиадаға қатысып 22 оқушы жеңімпаз атанды (Алтын медаль - 3, күміс медаль – 5, қола медаль - 14).
Биылғы жылы Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан оқушылардың 57-і ҰБТ-ден босатылды. Былтырғы оқу жылында Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университеті, Москва ұлттық технологиялық зерттеу университеттерінде облысымыздың 107 баласы Ресей федерациясы бюджеті есебінен оқытылып жатса, облыс әкімінің гранты бойынша 240 бала білімдерін шыңдауда.
Ал биыл Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университетіне емтихан тапсырғандарының ішінде 64 оқушы, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне 115 оқушы оқу грантын иеленуге мүмкіндік алса, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы ұлттық технологиялық зерттеу университетіне 200 оқушы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы шаруашылық және мемлекеттік басқару академиясына 30 оқушы оқу грантына және 7 оқушы магистратура мен аспирантураға оқуға мүмкіндік алып отыр. 
- Мұның бәрі – облыс көлемінде дарынды балаларға деген қамқорлықтың және Сіздердің, ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың еңбектерінің жемісі деп білемін. Еліміздің ғылыми әлеуетін көтеріп, халықаралық деңгейде Қазақ елінің ғылымдағы мерейін асқақтата деп сенім білдіремін. Қазақта «Білекті – бірді, білімді - мыңды жығар» деген аталы сөз бар. Бүгінгі күні, Сіздер, сол аталы ұстанымның үдесінен шығып, түрлі білім бәсекелерінде қатарларыңыздан оза шауып, ел абыройын асқақтатуына шын жүректен тілектеспін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, кездесу еркін форматта өтті. Оқушылар аймақ басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тіпті өңірдің дамуына байланысты қандай мамандық таңдау қажет деп кеңесте сұрады. Барлық сауалды облыс басшысы жауапсыз қалдырған жоқ. Оқушылар өнер де көрсетті. 
Кездесу соңында барлық оқушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: