» » Биыл облыста 17 адам суға кетті

Биыл облыста 17 адам суға кетті

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Биыл облыста 17 адам суға кеттіҚызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Саид Шазындаұлы Молдақараев жаз маусымындағы балалар мен жасөспірімдерінің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету шаралары бойынша ағымдағы жылдың 19  маусымы күні облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен жиналыста баяндама жасады.
Жиналыста балалардың жазғы демалысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, жас ұрпақтың төтенше оқиға кезінде дұрыс әрекет етуі  абайсыздықтың, жарақаттанудың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау және су айдындарында суға түсудегі қауіпсіздік шараларын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу үшін Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері білім беру саласымен бірлесіп, жалпы білім беру орындарында слайдтар мен бейнероликтерді пайдалана отырып, балаларға қауіпсіздік шараларын оқыту жөнінде интерактивті сабақтар, сайыстар мен нұсқаулықтар өткізіп, жалпы шараларға мектепке дейінгі бүлдіршіндерге, мектеп орушыларына, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне  үгіт насихат шараларын ұйымдастырылып, өткізіліп жатқанын  хабарлады.  
Үгіт-насихат шаралары халық арасында қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан,  облыстағы су айдындарында қауіпсіздікті сақтамаудан осы мерзімге дейін 17 адам қаза болса, оның  5-еуі  бала  және 161  өрт оқиғасы орын алғандығын айтты. 
Жиналыс қорытындысы бойынша  қала, аудан әкімдеріне іс-шараларды орындау жөнінде нақты тапсырма берілді.