Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау» компоненті басталды

«Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау»  компоненті басталдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау»  компонентінің басталғандығын хабарлайды.
Ұсынылатын қызмет түрлері: 
1.Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер
2.Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер
3.Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу
4.Заң қызметтерін көрсету
5.Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер
6.Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар
7.Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер
8.Менеджмент
 «Жұмыс жасап тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» бағдарламасының көмегімен Сіз заңгерлердің, маркетологтардың, сапа стандарттарын енгізу бойынша мамандардың кеңестерін тегін алу және бизнестің маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие боласыз.
Қызметтер ақысыз көрсетіледі.  
Өтінімдер Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 28 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында және аудандарда Кәсіпкерлер палатасы филиалында орналасқан Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында қабылданады. 
Анықтама үшін телефон: 40-08-74

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: