Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылжарма ауылдық округіне әкім сайланды

Қызылжарма ауылдық округіне әкім сайландыБүгін, 13 шілдеде қала әкімі Н. Нәлібаев Қызылжарма ауылдық округінің халқын жаңа әкімдерімен таныстырды.
2015 жылғы 10 шілде күні сағат 16.00-де Қызылорда қалалық мәслихатының ғимаратында мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылған Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі сайлауы өтті.
Сайлаушыларға 19 депутаттың, 13 қатысып өз таңдауларын жасады.
13 таңдаушының 12-сі, яғни 92 пайызы әкімдікке кандидат Бисембаев Ерлан Тұтқабайұлына дауыс берсе, 1 таңдаушы, яғни 8 пайызы кандидат Рахметуллаев Елмұрат Нұрмаханбетұлына дауыс берді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша әкімдікке кандидат Бисембаев Ерлан Тұтқабайұлы Қызылжарма ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бисембаев Ерлан Тұтқабайұлы 1975 жылдың 4 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2003-2006 жылдары Қазақстан инженерлік экономикалық университетінде «экономика және басқару» факультетінің экономист менеджер мамандығы бойынша білім алған.
1992-1993 жылдары Жаңақорған ауданы, Өзгент совхозында №3 бригадада жұмысшы қызметтен бастап;
1993-1994 жылдары ҚР қарулы күштер әскер қатарында;
1995-1997 жылдары Жаңақорған ауданы, Өзгент совхозы №3 бригадада механизатор;
1998-1999 жылдары «Ақжол» ЖАҚ-да механизатор;
1999-2000 жылдары «Дорстрой» ЖШС инспектор;
2002-2004 жылдары «Юбилейный» аэропортының кеден бекетінде инспектор;
2004-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің аға маманы, бас маманы қызметтерін атқарған.
2013 жылдан Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Қала әкімі Н. Нәлібаев жаңа әкімге сәттілік тілеп, ауыл халқының сұранысын қанағаттандыру мақсатында аяңбай жұмыс жасауға шақырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: