Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қорғалжыңда тәжірибе алмасып қайтты

Қорғалжыңда тәжірибе алмасып қайттыБіріккен Ұлттар Ұйымының Эко-Даму бағдарламасы аясында Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Қорғалжың ауданындағы туризмді дамыту мәселелері» бойынша тәжірибе алмасу мақсатында семинар болып өтті. 
Кездесуге Қорғалжың ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының бірінші орынбасары Қ.Жұмабаев, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Аужанов, мәслихат аппаратының басшысы Қ.Тусупова, Қызылорда облысынан Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Рза Бекзат, Арал аудандық туризм бөлімінің бас маманы Әлімжан Сейітов, Қамыстыбас тұтыну кооперативінің төрағасы Алдаберген Исаев, жеке кәсіпкер, қонақ үй шаруашылығының иесі Марғұлан Жексенбаевтар қатысты. 
Екі өңірдің кәсіпкерлерінің басқосуында Қорғалжың аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Гүлшат Балташқызы «Қорғалжың ауданындағы туризмді дамыту» тақырыбында презентациясын жүргізді.
Тәжірибе алмасу барысында семинарға қатысушылар туризмді дамыту бағытында өзара пікірлерімен бөлісіп, тақырыпты жан-жақты талқылады. Ал, Қызылорда және Арал ауданынан барған кәсіпкерлік саласының мамандары қорғалжыңдықтардың әріптестік қызметтеріне өз ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын айтты. Сондай-ақ, Сырдан барған қонақтар оларға тамыз айында Қызылорда қаласында өткізілетін облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-конкурсына қатысуларына ұсыныстарын білдіріп, тамашалауға шақырып қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: