Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Астана ауданын жоспарлау жобасы талқыланды

Астана ауданын жоспарлау жобасы  талқыландыҚала әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен «Қызылорда қаласындағы жалпы аумағы 500 гектар Астана ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізу» жобасын талқылау мақсатында мәжіліс отырысы өтті. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліске облыстық басқармалар және қала әкімдігіне қарасты бөлімдерден тиісті сала басшылары қатысты. Мәжіліс барысында «Астана» мөлтек ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізу жұмыстарын жүзеге асырушы «Урбостиль» ЖШС-ның директоры Нысанбаева Любовь Владимировна баяндама жасап, атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың нақты жоспарымен таныстырды. Жобаның басты мақсаты - Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында әкімшілік-қоғамдық орталық қалыптастыру арқылы «Астана» ауданының көлемдік-кеңістіктік және сәулеттік-көркемдік шешімдерін әзірлеу, сондай-ақ, Сырдария өзенінің жағалауында демалыс аймақтарын ұйымдастыру болып табылды.
Жалпы, қазіргі уақытта Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында қаланың жаңа орталығы қалыптасып отыр. Қазірдің өзінде бұл ауданда қаланың тұрақты дамуына оң әсерін тигізетін маңызды объектілер салынған.
Атап айтқанда, облыстық мекемелер үйі, «Ақмешіт» мешіті, «Сырдария» ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлер, 1 мың 248 орындық мектеп, 500 орындық қазақ-түрік лицейі, перинаталдық орталық, «УМГ Қызылорда» магистралдық газ құбырлары басқармасының ғимараты, Назарбаев Зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша құрылыстары бітіп, пайдалануға берілді. Бұл аталған құрылыстар бекітілген қала құрылыстық құжатқа 500 гектар түбегейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүргізілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: