Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қала әкімдігінде өрт тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары өтті

Қала әкімдігінде өрт тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары өттіҚызылорда қаласы әкімдігінде  арнайы өрт тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен арнайы арнайы өрт тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары өтті.
Оқу-жаттығу жұмыстары барысында дабыл белгісі бойынша өрт сөндіру қызметінің қала гарнизоны Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ғимаратына белгіленген уақытта жетіп, өрт сөндіру және құтқару жұмыстарымен айналысты.
Өрт сөндіру қызметінің арнайы жасағы келгенге дейін, қала әкімі аппаратының ғимартындағы дабыл белгісі іске қосылып, дауыс күшейткіш құралы арқылы хабарландыру айтылған сәттен бастап, ғимарат ішіндегі 200-ден астам қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу жұмыстарына өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы 22 сарбаздары және облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан 9 қызметкер қатысып қауіпсіздікті сақтау мақсатында ғимаратты толық қоршауға алды.
Бұдан бөлек, медицина қызметінен 1 жедел жәрдем көлігі және 3 медбике, қалалық электртарату орталығынан 1 техника 5 қызметкер, «Су жүйесі» МКК-нан 1 техника 6 адам оқу-жаттығу жұмыстарына жұмылдырылды.
Шартты өрт сағат 12-ден 45 минут кеткенде, яғни 30 минуттың ішінде толығымен сөндіріліп, оқу-жаттығу жұмыстары сәтті аяқталды.
Жалпы қала әкімінің ғимаратында өртке қарсы 12 өрт гидранты, арнайы дабыл белгілері және эвакуациялау схемаларымен толық жабдықталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: