Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы тағайындалды Қаржы Министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитетінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №681 бұйрығымен Нұрсейітов Нұрлан Сайлауұлы Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұрлан Сайлауұлы, 1971 жылы 26 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісінің инженерлері институтын «Гидромелиорация, инженер-мелиоратор» мамандығы бойынша, 1995 жылы Қызылорда кооперативтік техникумын «Шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп, бақылау және талдау, бухгалтер» және 2003 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын «Есеп және аудит, экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы бойынша Салық инспекциясында халықтың табысына салық салу бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
1997 - 2014 жылдары Қызылорда қаласы бойынша Салық инспекциясында мемлекеттік кәсіпорындарды салықтандыру бөлімінің аға салық инспекторы, бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары;
2014 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: