Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары басқа қызметке ауысты

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары басқа қызметке ауысты2015 жылғы 30 шілдеден бастап бұған дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген Ахатов Нұржан Сәбитұлы облыс әкімінің келісімімен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын қатардағы маманнан бастап, облыстық басқармалар мен облыс әкімдігінде, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасаған. Қала әкімінің орынбасары ретінде Нұржан Сәбитұлы 3 жылға жуық уақыт бойы табысты жұмыс атқарды.
Қаланың қаржы-экономикалық саясаты, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, ветеринария және мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру секілді аса жауапты салаларға жетекшілік жасады.
2015 жылғы 31 тамызда қала әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Ахатов Нұржан Сәбитұлы қаламыздың әлеуметтік - экономикалық дамуы мен өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін Қызылорда қаласы әкімдігінің «ҚҰРМЕТ» грамотасымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: