» » Депутаттар Аралда газбен қамту мәселесімен танысты

Депутаттар Аралда газбен қамту мәселесімен танысты

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Құттықожа Ыдырысов Арал қаласы бойынша тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы бойынша «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарымен танысты. 

Депутаттар Аралда газбен қамту мәселесімен танысты

 
Осыған байланысты «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өкілі, бүгінгі күні Арал қаласы тұрғын үйлерін газдандыруға 931 тұрғыннан өтініш түсіп, 321 жоба дайындалды. 74 тұрғын үйге монтаж жұмыстары толық жүргізілді. Жоба бойынша жоғары, орташа, кіші қысымды 288 км газ құбыры жүргізіліп 206 көше және тұйықтар қамтылуы тиіс, қазіргі таңда 207 км құбыр 163 көшемен тұйықтарға жүргізілген. Сонымен қатар Автоматтандырылған Газ тарату станциясының жұмысыда аяқталуға жақын екендігін білдірді. Депутаттар алдағы қыс мезгілінде тұрғындар көгілдір отынның пайдасын көрулері тиіс екендігін, еш қиындықсыз жобаның өз уақытында аяқталуын бақылауда ұстайтындықтарын мәлімдеді.