Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жас мұғалімдер қатары көбейді

Қызылордада жас мұғалімдер қатары көбейдіБүгін Қызылордада «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, облыс әкімі Қ.Көшербаев және аймақ ұстаздары қатысты. Айта кетейік, жиынға барлық аудан телекөпір арқылы байланысқа қосылды.
Биыл білім саласына 66 миллиард теңгеден астам қаржы қаралды. Соңғы үш жылдың ішінде бұл салаға бөлінетін қаржы еселеніп өсті. Соның арқасында күрмеуі қиын мәселелер шешімін тапты. Мәселен, Қазір аймақта үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ. 2013 аймақта 25 апатты жағдайда мектеп болса, бүгінде 11-і қалды. Бұл мәселе келер жылы толық шешімін табады. Қазір 22 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 19 мектеп, 2 балабақша пайдалануға беру жоспарланса, күні кеше 8 білім ордасы мен бір балабақша ел игілігіне берілді. ҰБТ нәтижесі де көңіл қуантарлық. Сыр өңірі 13-орыннан алдыңғы бестікке көтерілді. Мыңдаған қызылордалық жас түлек облыс әкімі гранттарын иеленді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 321 түлек Мәскеу және Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұдан бөлек, жоғары және арнайы оқу орындарына бөлінетін «Серпін» бағдарламасымен де қызылордалық жастар тегін оқуға жолдама алды.
– Маған әкім ретінде атқарған жұмыстардың ішіндегі ерекшесін айтыңыз десе білім саласындағы жетістік дер едім. Өйткені, білім күрделі жүйе. Қырағы түрде қадағалау қажет. Біз тағы бір жобаны қолға алдық. 22 білім ошағын инновациялық мектепке айналдырмақпыз. Яғни, Назарбаев мектебі үлгісінде жарақтандырамыз.Ұстаздарды оқыту керек. Оған қыруар қаржы қажет. Бірақ болашаққа инвестиция салудан бас тарпаймыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Биылғы жылдың басты жаңалығы талай жылдан бері талқыға түсіп келген Байқоңырдағы мектептердің проблемасы шешімін табуы. Ондағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына өтті. Сол мектептерде білім алатын 5 мыңға жуық оқушы толық жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді.
– Аймақтың білім саласындағы жетістігі мол екендігі анық аңғарылады. Әсіресе, ҰБТ нәтижесі қуантты. Өңір жас кадрларға сенім артуымен ерекшеленеді. Мәселен, 25 жасқа дейінгі мұғалімдердің үлесі республикада 11 пайыз болса, бұл Қызылордада 16 пайызды құрайды. Енді магистр дәрежесі бар педагогтардың санын арттыруға байланысты жұмыс жасау қажет, - деді ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов.
Жиын соңында білім саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген бірқатар мұғалімдер «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілермен және минисрлік пен облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік орта білім ұйымы» грантын №9 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі иеленді. Мектеп ұжымы 17 миллион теңгенің сертификатын алды. Бұл мектептен 2 халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы шықты. ҰБТ қорытындысында орташа 105,5 балл жинады. Бұл еселе еңбектің жемісі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: