Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік мәселелер таразыға тартылды

 Әлеуметтік мәселелер таразыға тартылдыБүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен басты міндеттерге мән берген алқалы жиын өтті. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен өткізілген жиын күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде өрбіді.
Алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылған шаралар туралы баяндады. Ғ.Тоғысованың мәлімдеуінше, ауданда мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың 8 айында санаторий-курорттық емделуге – 17 адамға, протездік-ортопедиялық көмек – 116 адамға, тифлотехникалық құралдар – 25 адамға, сурдотехниалық құралдар – 27 адамға, кресло-арбалар – 16 адамға, міндетті гигиеналық құралдар – 248 мүгедек азаматтарға таратылған.
Мұнан соң, аудандық білім бөлімінің басшысы Бөрі Дабылов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, 78 баланың 14-де ата-анасынан қалған үлестік үй, 1-де жеке үй бар екенін мәлімдеді. Қалған 63 бала аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тұрғын үй кезегіне қойылған. Сондай-ақ, мәжілісте аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Қыздарбеков бюджет қаржысының игерілуін, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев бөлім тарапынан 8 айдағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек, аудандық ЖКХ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абат Жақсыбаев әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығын слайд арқылы көпшілік назарына ұсынды. Ал, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Шералы Оразов азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақырудың барысы туралы сөз етті. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов «Аралтұз» АҚ-ның 90 жылдық мерейтойына дайындық шараларын жиналғандарға құлағдар етті.
Кеңейтілген мәжіліс барысында көтерілген тақырыптарды мұқият тыңдаған аудан басшысы А.Мұхимов қордаланған мәселелерге өз пікірін білдіріп, халық үшін атқарылған жұмыстарға ат үсті қарамауды аудан активіне ескертті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: