» » 2016 жылы Қазалыда көпқабатты 12 үй жөндеуден өтеді

2016 жылы Қазалыда көпқабатты 12 үй жөндеуден өтеді

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
2016 жылы Қазалыда көпқабатты 12 үй жөндеуден өтедіБүгін ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Нұрлан Шаймерденұлы Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында кенттегі 1200 орындық №249 мектеп-лицейде болып, қысқа дайындық жұмыстарымен танысты.
Содан соң Жанқожа батыр көшесі бойында жүргізіліп жатқан газ құрылысы жұмыстарының барысын бақылады. «Бейнеу – Бозой - Шымкент» магистральды газ құбырынан Қазіргі таңда газ құбыры жұмыстарының құрылысы 74,9 пайызға орындалып отыр. Бүгінгі күнге 1035 азаматтан газ желісіне қосылу жөнінде өтініш түскен.
Мемлекеттік инспектор Н.Тілешев «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында биыл жөндеуден өткен Қ.Пірімов көшесіндегі №5 тұрғын үймен де танысты. Биылғы жылы бұдан өзге №7 үйге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2016 жылы Қазалыда көпқабатты 12 үй бағдарлама аясында жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.
Бұдан кейін Н.Тілешев «Қазалы-Теміржолжылу» мекемесін аралап көрді. 1994-1996 жылдар аралығында Батыс Қазақстан темір жолының есебінен салынған кәсіпорын жылу энергиясын өндіру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша жұмыс жасайды.