Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сенбілікте 152 тонна қоқыс шығарылды

 Сенбілікте 152 тонна қоқыс шығарылдыКүз мезгілінде облыс көлемінде жүргізілетін сенбілік жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі тиіс. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің арнайы тапсырмасына орай Арал ауданына іссапармен келген облыстық табиғи русурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова мен облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерзат Тұяқбаев санитарлық штаб отырысында мәлімдеді.
Аралда аудан әкімінің өкімі қабылданғанға кейін аудан әкімінің орынбасарлары мен қала әкіміне тазалықты үйлестіру шаралары бекітіліп, ауданда сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінгі штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаев тазалық айлығында атқарылатын іс-шаралардың жоспарымен таныстырып, осы уақыт аралығында қала мен елді мекендерде орындалған шаруаларды баяндады.
Қала және ауылдық елді мекендерде өткізілген жалпы сенбіліктерді Арал ауданы бойынша барлығы 2113 адам қатысып, тазарту жұмыстарына 31 техника жұмылдырылған. Арнайы орындарға 152 тонна күл-қоқыс шығарылып, санитарлық жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарайтын 5 насихаттық топ тиісті жұмыстарын атқарып келеді. Осы және өзге де тазалық мәселелері кездесудің арқауына айналды. Жиын соңында Ж.Айтжанова, Е.Тұяқбаев аудан және қаладағы штаб басшыларына аймақтағы елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: