Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында 8 млрд теңгеден асатын 634 нысан заңдастырылды

Қызылорда облысында 8 млрд теңгеден асатын 634 нысан заңдастырылдыҚызылорда облысында жалпы құны 8 миллиард теңгеден асатын 634 нысан заңдастырылды. Мүлік пен капиталды жария ету науқаны басталған бойда құрылған арнайы комиссияның қарауына 763 өтініш түскен.
Кезінде ресми айналымнан алынып тасталған мүлікті айыппұлсыз және жазалаусыз рәсімдеу үдерісі облыс орталығынан бөлек Қармақшы, Қазалы және Жаңақорған аудандарында да белсенді жүріп жатыр. Ринат Құдайбергенов, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары: - Бұған дейінгі акциялар тегін түрде жүргізілсе, биылғы науқан бірқатар тех паспорт әзірлеу, тағы басқа шығындарды жария ету субъектілері, яғни азаматтар өз қалтасынан көтереді. Мүлікті жария ету биылғы 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп жоспарланса, бұл акцияны тағы 1 жылға, яғни 2016 жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: