Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында кадрлық өзгеріс болды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында  кадрлық өзгеріс болдыӨңірлік кеңес мүшелерінің келісімімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы болып Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы тағайындалды. Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлады. 
Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы 1976 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында  туған. Талдықорған заң институтын «заңгер» (1998 ж.), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ін «мемлекеттік және жергілікті басқару» (2007 ж.) мамандығы бойынша бітірген.
1994-1995 жылдары – Мәскеу аудандық халықтық сотының сот орындаушысы (Алматы қ.);
1995-2001 жылдары – Қызылорда облыстық әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысының орынбасары (Қызылорда қ.);
2001 жылы – Қызылорда облыстық сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы (Қызылорда қ.);
2001-2004 жылдары – Қызылорда облыстық соттар әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, кадр, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің, соттардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің  басшысы (Қызылорда қ.);
2004-2007 жылдары – «Империя B.R.A.G» ЖШС-нің, ЖК «Ахметов Н.С»-нің , «АБК Инжиниринг» ЖШС-нің  заңгері ();
2007-2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің бас сарапшысы, бөлім басшысы, басқарма бастығы (Астана қ.);
2009-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Әкімшілік қамтамасыз ету басқармасының бастығы (Астана қ.);
2013 жылы «Қазконтент» АҚ-ның бас маманы (Астана қ.);
2013 жылдың қараша айынан Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқық саласы бойынша орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды (Қызылорда қ.).



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: