Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жылу беру маусымы өз деңгейінде ұйымдастарылуда

Жылу беру маусымы өз деңгейінде ұйымдастарылудаБүгін, 24 қазанда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жылу беру маусымы бойынша комиссия отырысы өтті. 15 қазаннан бастап аймақтың барлық әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлеріне жылу берілді.
Қыстан қиындықсыз шығу үшін 3 млрд. 39 млн. теңге бөлініп, жылу жүйелері жөндеуден өткізілді. Жалпы өңірде 1041 әлеуметтік нысан болса, оның 621 көпқабатты тұрғын үй. Барлығын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд. 770 млн. теңге қаражатқа көгілдір отын мен мазут қоры жасақталған.
- Қызылорда жылу электр орталығы мен Оңтүстік жылу орталығының тозығы жеткен құбырлары мен бу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталатын, Қарағанды зауытынан жаңа құбырлар кешіктіріліп жеткізілуіне байланысты биыл кейбір нысандарға жылу кеш қосылуда. Екі күн мерзімінде 100 пайыз барлығын жылумен қамтамасыз ететін боламыз. Сондай-ақ, министрлікпен тиісті келіссөздер жүргізілді. Сондықтан жылу беру маусымында қиындықтар болмайды, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.
Айта кету керек, республика бойынша облыстың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға аймақтар арасында ең көп қаржы алып отырған Қызылорда облысы. Сондықтан облыс әкімі жылу беру маусымы кезінде күнделікті мониторинг жасап, жауапты басшылардың бақылауында болсын деп тапсырды.
- Биылдың өзінде қыруар қаржы бөлініп, облыс орталығында 22 шақырым жылу құбырлары жөндеуден өткізілді. Барлық көпқабатты үйлердегі жылу жүйелері де жаңартылды. Жасалған жұмыстарға тұрғындар да ұқыптылықпен қарауы тиіс. Өйткені вентильдерді ұрлау фактілері жиілеп, соның салдарынан жылу ала алмай отырған үйлер де бар. Сондықтан қоғамдық бақылауды күшейту керкек, - дейді облыс әкімі.
Комиссия отырысында аймақ басшысы селекторлық байланыс арқылы барлық аудандардың әкімдері мен басқарма басшыларының есебін тыңдап, жылу беру маусымы кезінде ешқандай қиындықтар туындамауын қамтамасыз етулерін тапсырды. Білім, денсаулық сақтау саласының нысандары да қазір 100 пайыз жылуға қосылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: