Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда ауыл шаруашылығын әртараптандыру жасалуда

Қазалыда ауыл шаруашылығын әртараптандыру жасалудаӨңірде соңғы жылдары суармалы судың тапшылығы байқалып келген болатын. Сондықтан қазалылық шаруалар күріш егісінің көлемін 7200-7400 гектар көлемінде қалдыра отырып, гектар түсімділігін көбейту жұмыстарды қолға алды. 
Суармалы суды ысырапсыз пайдалану арқылы жоғары өнім алу үшін жерді тегістеу жұмыстарын бастап, ол биылдың өзінде нәтижесін берді.
Қазалыдағы шаруашылықтар бәсекеге қабілетті аудандастырылған күріш сорттарын және жоғары репродукциялы тұқым пайдалану бағытында да нәтижелі жұмыстар жасап келеді. Бұл ретте ауданның ауа райы мен табиғатына бейімделген отандық селекциялық күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізді. Соңғы уақытта тұқымның ішіндегі қызыл дән 20 пайызға жеткен болатын. Бұл мәселені шешу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС Ресейден тұқымдағы қызыл дәнді айыратын сеператор қондырғысын әкеліп, қолданысқа енгізді. 
Суармалы егістіктің болуы көкөніс, бақша, картоп, күріш, майлы дақылдар, сүт, ет, балық өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан қазалылықтар өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруды қолға алған болатын. Қазіргі кезде әртараптандыру бағытындағы жұмыстардың алғы шарттары орындалуда. Бұл - қазіргі нарық талабы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: