Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстық кәсіподақтар орталығында кездесу өткізілді

Облыстық кәсіподақтар орталығында кездесу өткізілдіҚызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында кездесу өткізілді. Оған салалық кәсіподақ төрағалары және қызметкерлерімен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаментінің мамандары қатысты. 
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдай жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі» ынтымақтастық туралы ашық келісім жасау мәселесі қаралды.
«Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдай жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі» ынтымақтастық туралы ашық келісімі бойынша жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту бойынша ынтымақтастықтың 9 бағыттары айқындалған. Осы бағыттардың бірі – кәсіподақтар ұйымы екендігі атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, қолданыстағы заңнама нормаларының ережелерін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін түсіндіруге бағытталған іс-шараларды іске асыру, тиісті ақпараттық-әдістемелік материалдарды ауқымды деңгейде жеткізіп, салалық кәсіподақ төрағаларымен ой-пікір алмасып, ұсыныстар беріліп, бір ауыздан ашық келісімге келетіндіктері айтылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: