Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қыздарға порнокастинг жарияланды

Қызылордада қыздарға порнокастинг жарияландыҚызылордада қыздарға арналған порнокастинг жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Вконтакте" желісіндегі пабликтердің бірінде отандық порнофильм түсіріліміне актрисалар іріктелетіні туралы хабарлама пайда болды.
Хабарландыруға қарағанда, оған 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздар іріктеледі. Кастингті ұйымдастырушыларға әлеуметтік желідегі парақша немесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласуға болады. Хабарландырудың астына ашу-ызаға толы пікірлер жазылған. Наразы қолданушылардың ортақ пікірі "Порноиндустрияның Қазақстан қыздарына қатысы болмауы керек" дегенге саяды.
Tengrinews.kz журналисіне порнокастинг ұйымдастырушыларына хабарласудың сәті түсті. "Қыздарға қандай талап қойылады?" деген сауалға "Олар төсекте өзін жақсы көрсете білуі керек, тәні сұлу болуы қажет" деген жауап келді. Үміткерлерге тағы бір ерекше шарт қойылады - қыздар өздерінің ләззаттан ыңқылдаған дауысының аудиожазбасын жолдауы тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кастинг тек қана Қызылордада өтеді, бірақ басқа аймақтан келіп қатысушыларға қарсылық жоқ. Олардың мәліметінше, бір эпизодқа түскен қызға 90 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі.
Бұл хабарландыру қызылордалықтардың интимдік өмірі туралы хикаялар мен фотосуреттер топтастырылған пабликте жарияланып отыр. Порнокастингтің жалған не рас екенін анықтау әзірше мүмкін болған жоқ, дегенмен ұйымдастырушылар ересектерге арналған қазақстандық фильм түсіру туралы ойларының әсте әзіл емес екенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: