Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда құс фермасы ашылады

Қазалыда құс фермасы ашылады«Тұран-Қазалы» ЖШС жалпы құны 108,0 млн.теңге құрайтын құс фермасын іске асыруды қолға алды. Жоба Аранды ауылдық округі, Айдарбек учаскесіндегі «Атамекен» жеке шаруа қожалығының 1068 га жеріне орналастырылмақ.
Жоба бойынша бизнес-жоспары мен жоба - сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда жобаны қаржыландыру «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалы арқылы зерттелуде.
Биылғы жылы кепілдік мүлік бағалау құнына сәйкес 60,0 млн.теңге қаржы бөліну жоспарлануда. 
Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектісі 3911 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артса, онда жұмыспен қамтылған адам саны 8545 жетіп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: