Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Микробизнес-Қызылорда" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

"Микробизнес-Қызылорда" пилоттық жобасы жүзеге асырылудаҚазақстанда алғаш «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жобаның өзге бағдарламаларға қарағанда артықшылығы көп. Яғни, ауылда бизнес бастағысы келетіндер кепілдемесіз 10 миллион теңге көлемінде несие алып, кәсібін бастай алады. Тек оларға кәсіпкерлік палатасының өңірлік бөлімшелері мен ауыл әкімдері сенім білдіруі қажет. Бұған дейін ауылдықтар кепілге қоятын мүлік таппай қиналатын. Облыс тұрғындарының 65 пайызы ауылда тұратындығын ескерсек, бұл Сыр жұртшылығы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Айта кетейік, бұл жобаны Қызылорда облысы республикада алғаш болып жүзеге асырып отыр.
- Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп «Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Кәсіпкерлерлікті дамытып, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 2013 жылдан бастап облыс әкімдігі ЛУКОЙЛ компаниясымен бірігіп «Ақниет» жобасын жүзеге асырып келеді. Соңғы 3 жылда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша микронесиелендіру көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар, бүгінгі күні қаражат көлемі 6 млрд. теңгеге жуықтады, - дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев пилоттық жобаны таныстыру жиынында.
- Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен тұрақты инфрақұрылымын құру қажет. Сонымен қатар, әр ауданның ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес жоспарларды әзірлеу керек, - дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов.
Пилоттық жобаны үйлестіруші ретінде «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС бекітілді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қ.Көшербаев өңірде микробизнесті дамыту үшін әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: