Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР МЕЙРАМХАНА АШАДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР МЕЙРАМХАНА АШАДЫҚазалы ауданының кәсіпкері Құрманбай Шүнқанов несие қаражатына өзінің жеке мейрамханасын ашуды жоспарлап отыр.
Кәсіпкер 1996 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді және жұбайымен бірге жиһаз бен тұрмыстық техниканы сату саласында жұмыс жасауда.
Ендігі жоспары бизнестің жаңа бағытын жүзеге асыру мақсатында Қазалы қаласында жаңа мейрамхананың құрылысын бастап кетті. Бүгінгі таңда Қазалы қаласында бір ғана мейрамхана қызмет көрсетуде, алайда халықтың тарапынан түрлі іс-шаралар өткізуге сұраныс артып келеді. Жобаның сәтті жүзеге асуы нәтижесінде кәсіпкер Құрманбай Шүнқанов 15 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтитын болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: