Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ  ОБЛЫСТЫҚ  ФЕСТИВАЛІ ӨТТІҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүзі бөлек, жүрегі бір, өнер ортақ» атты ұлттық мәдени орталықтары мен мүшелерінің облыстық өнер фестивалі өтті.
Оған Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен қаладағы этномәдени қоғамдық бірлестігінің мүшелерінен барлығы 60-тан астам өнерпаз қатысты. Оның ішінде орыс, корей, татар, славян сынды ұлт өкілдері өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікті тәнті етті. Байқауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Рамазан Тайманов бастаған бір топ өнер жанашырлары қазылық етіп, қатысушыларға әділ бағасын берді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов құттықтау сөз сөйлеп, фестиваль шымылдығын ашты.
Сайыс шарты бойынша талапкерлер ән орындау, өзге ұлт өкілдерінің биі және ансамбльдік орындаушылық шебері аясында өзара бақ сынасты. Жан сарайыңды ашатын рухани кеште «Ауылым», «Ақ бантик», «Дудар-ай», «Әке туралы жыр», «Туған жер», «Гүлдерайым» сынды қазақтың халық әндері нақышына келтіре шырқалды. Бірлік пен татулық туын биікке көтерген байқау қорытындысы бойынша I орындарды жеке ән номинациясымен Тамара Дмитриевна, би номинациясымен қаладағы славян этномәдени орталығы, вокалдық ансамблдік орындаушылар арасындағы жарыста славяндық «Сударушки» вокалдық ансамблі, дуэт, трио, квартет номинациясы бойынша корей этно-мәдени орталығы жеңіс тұғырынан көрінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: