Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗАҢСЫЗ ЖЕР ИЕЛЕНІП, ҮЙ САЛУҒА БОЛМАЙДЫ

ЗАҢСЫЗ ЖЕР ИЕЛЕНІП, ҮЙ САЛУҒА БОЛМАЙДЫОблыс орталығында бүгінгі таңда заңсыз пайдаланып немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 
Қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаевтың айтуынша, қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ заңсыз тұрған дүңгіршектерді және жалдау мерзімі аяқталған аялдамаларды, сондай-ақ заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұздыру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, Мұратбаев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында және Қонаев көшесі бойында орналасқан 2 аялдама бұзылып, жер учаскелері мемлекет қорына кері қайтарылды. Әйтеке би, Өсербаев, Мұратбаев көшелері мен Абай даңғылындағы заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынып, жер учаскелері босатылды.
Титов қыстағында заңсыз иеленіп отырған жер телімдерін босату мақсатында азаматтардың құрылыс материалдары алынып, құйылған іргетастары бұзылуда. 
Жер учаскелерінің толық құжаттары рәсімделмей, яғни қала әкімдігінің тиісті қаулысы, мемлекеттік сәйкестендіру құжаты, яғни жеке меншікке немесе жалға құқық беру Акт болмайынша тұрғын үй құрылысын жүргізуге, дүңгіршек орнатуға тыйым салынады.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: