» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА СЕНІМІМІЗДІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ» - ДАРХАН МЫРЗАЛИЕВ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА СЕНІМІМІЗДІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ» - ДАРХАН МЫРЗАЛИЕВ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА СЕНІМІМІЗДІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ» -  ДАРХАН МЫРЗАЛИЕВМемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тікелей эфир арқылы көріп, талқылаған ұжымдардың бірі - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы.
«Елбасы Жолдауын әркез асыға күтеміз. Себебі бұл құнды құжатта елдің алдағы даму бағыты айқындалады. Өздеріңіз де білесіздер, қазір ғаламдық экономика қиын-қыстау кезеңді басынан өткеруде. Бұл жайт ел экономикасына, оның ішінде экономиканың негізгі діңгегі бизнеске де әсерін тигізбей қоймауда. Дегенмен, баршаға белгілі, елімізде кәсіпкерлікті өркендетуге барлық жағдай жасалған. Ұлт Көшбасшысының өзі атап өткендей, қазір еліміз бизнеске жағдай жасау жөнінен әлемдік рейтингте 41 орында. 
Қазір елімізде кәсіпкерлікке көзқарас түбегейлі өзгерді. Бұған Мемлекет басшысының қолдауымен бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айқын дәлел.
Бүгінде кәсіпкерлер палатасы өз жұмысын жыл емес, ай сайын жандандырып, ел экономикасын өрге сүйреуде айрықша белсенділік танытып отыр деп айта аламыз. Біздің облысымыздың барлық ауданында Палатаның филиалдары, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған. Ендігі міндет барлық бизнес қауымдастықтың жұмылдырылуын қамтамасыз етіп, мәселелерін шешуге қажетті жағдай жасау. 
Ал Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы болашаққа деген сенімімізді нығайтып, алдағы  жоспарларымызды нақтылауға зор көмегін тигізді. Мақсат айқын, енді тек білек сыбанып жұмыс жасау ғана қалды бізге», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев.