Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІАрал ауданы мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағамбетова бастаған ұжым қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында осылайша қала көлемінде аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және тұрмыс жағдай төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетілді. Онда Арал қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №48 үйдің тұрғыны жалғыз басты ана Айсұлу Алимбетоваға көмек қолын созып, тұрмысқа қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті.
Тағдыр тауқыметі қажытқан, жүзі жабырқау ана өзіне жалған мұндай қайырымдылық көмекке риза болып, қуаныштан көзіне жас алды. «Халыққа өнермен ғана рухани азық болып қана қоймай осындай қамқорлық көрсетіп отырған сіздерге алланың нұры жаусын, өнердің биік белесінен көрініңіздер»,-деп ақ батасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: