» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫАудан әкімі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Ардагер Ақжігітовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Мәжілісте «Аудан көлемінде қыс-көктем мезгілдерінде болуы ықтимал су тасқынының алдын алу шаралары туралы» талқыланып, қыс-көктем мезгілдерінде болуы мүмкін су тасқыны салдарынан орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы сұралды. Мәжіліс соңында азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне су тасқынының алдын алу мақсатында қауіпті учаскелерді және жеке құрам мен техникалардың дайындығын тұрақты түрде бақылау қажеттігі жөнінде тапсырмалар берілді.