» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІСаясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендірлік тәсілдің принциптері Қызылордада өткен әйелдер форумында талқыланды.
«Отбасы - Мәңгілік Ел тірегі» деп аталған шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Форумға қатысушылар Елбасының кезекті Жолдауы төңірегінде әңгіме өрбітті. Әйелдер қауымы «Нұрлы жол», шағын және орта бизнесті дамыту, индустриялдыру бағдарламаларын жүзеге асыруда нақты қадамдар жасауға келісті. Нәзік жандылар отбасылық құндылықтарды сақтау, дәстүрді жаңғыртуға қатысты да орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
- Қазақ елінің бүгінгі тіршілігінде әйел затының басындағы бұлтты тұман сейіліп қана қоймай, қайраткерлік дәрежеге көтерілгенін көріп отырмыз. Отан – отбасынан басталады. Ал отбасының тірегі де, жүрегі де аналар. Сондықтан мәңлігік ел боламыз десек, алдымен отбасының, демек әйелдің халі оңалып, қоғамдағы рөлі биіктеуі қажет, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.