Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫБүгін Қызылордада еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекеде Елбасының мемлекеттік наградалары табысталды.
Елбасы бастап, Елі қоштап, ешкімнің қосағына ермей жүргізген салмақты саясаттың арқасында жаңа мемлекет, болмысы бөлек қоғам қалыптасты, жалтақтықты жатсынатын жас ұрпақ жетілді. Бұл – елдің бірлігі, ұлт пен ұлыстың татулығы, отандастарымыздың жанқиярлық еңбегінің жемісі, -деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ел тәуелсіздігінің 24 жылында Қазақстанның жеткен жетістігімен әлем елдері арасында мақтана аламыз. Оған Сыр өңірінің де қосып жатқан үлесі айрықша. Мәселен, Қызылорда облысында өндірістегі өңдеуші саланың үлесі 13 пайызға жетті. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5 пайыз еді. Яғни, экономиканы әртараптандыруға бағытталған жұмыс оң нәтиже беріп жатыр. Биыл облыстағы ауыл тұрғындарының үштен бірі тұратын 7 аудан орталығының төртеуіне газ құбыры тартылды. Байқоңыр қаласын газбен қамту жұмыстары аяқталып қалды. Келесі жылы Қызылорда қаласындағы жеке үйлер мен Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы, Төретам, Ақай, Сексеуіл, Қарауылтөбе, Белкөл, Жақсықылыш, Талсуат елді мекендері газбен қамтылады. Жыл ішінде жалпы көлемі 330 мың шаршы метр тұрғын үйді салып, пайдалануға берілді. Биылдың өзінде 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.
- Мұның барлығы – ең алдымен аймақтарда, аудан-қалалар мен ауылдарда тұратын қарапайым адамдардың еңбектегі табысынан, күнделікті жұмысындағы жетістіктерінен, отбасындағы қуаныштарынан құралады. Мемлекет құру, ел болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт, әрі жауапкершілік. Әр үйдегі өскелең ұрпақ осыны сіңіріп өссе, Тәуелсіздігіміздің туы әрқашан биік, тұғыры берік болары анық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шара барысында Мемлекет басшысысының Жарлығымен тағайындалған ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдары, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, аймақ дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтарға «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: