» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІБүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалында жұмыс сапарымен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов  азаматтардың өтініш тілектері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қабылдауда болған азамат, аудан тұрғыны , І топ мүгедегі Е.Нарымбетов ескі тұрғын үйі жөнінде өтінішін білдірді. Бұл мәселе жөнінде аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Т.Дүйсебаев көктем мезгілінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті көмек берілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, қоғамдық қабылауда жұмыс мәселесімен өтініш білдіріп келген жас маман С.Айтбаеваға қаржыгер мамандығы бойынша сұранысқа сәйкес орналастырылатыны түсіндіріліп, аудан тұрғыны С.Тойшыбекованың өтініші оң шешімін тауып, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп лицейіне техникалық қызметкер болып орналасуына жолдама алды.